Попечительский советінің 1 хаттамасы » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматинская область
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7277) 47-77-75
Бухгалтерия
+7(7277) 47-77-75
Версия для
слабовидящих
09
январь
2018

Попечительский советінің 1 хаттамасы

І. Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы  бар жалпы білім беретін № 37 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

                                                                                                               

ХАТТАМА № 1

Жаңалық ауылы                                                               «08» қаңтар  2018 ж.                                                                                                              

 

Қамқоршылық кеңесінің  жиналысы

Төрағасының аты-жөні: Манапбаева Индира Даркенбаевна

Хатшының аты-жөні:   Кунаева Саманта

Қатысқандар:_23_адам саны

 

Күн тәртібінде:

1.Попечительский совет қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері. – әлеуметтік педагог – Н.К. Абуова

2.Попечительский советінің төраға (төрайымын) қайта сайлау

3.Попечительский советтің 2017-2018 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, оны атқаратын қызметтерді кеңестің құрамының мүшелеріне бөлістіру – кеңес төрағасы немесе төрайымы

 

Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог – Н.К. Абуоваға сөз берілді. І. Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі жалпы білім беретін №37 орта мектебінің қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген. Попечительский советтің құрамы, құрылымы және қызметі аталып өтті. Попечительский советтің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады.      

       Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланатын оның төрағасы Попечительский советтің басшысы болып табылады. Төраға Попечительский советтің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді , оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Попечительский советтің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.  

       Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары н Попечительский совет сайлайды.

       Хатшыны Попечительский совет сайлайды және ол Попечительский советтің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

       Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: 1.Білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету.

2. Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау.

3. Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады.                                          

      Екінші мәселе «Попечительский советінің төраға (төрайымын) қайта сайлау» бойынша сөзді кенестің төрағасы  Қасымбеков Оралғазы мырзаға берілді.  Мамыр айында, жалпы ата-аналар жиналысында Қасымбеков Оралғазы мырза Попечительский советінің төрағасы болып тағайындалған болатын. Попечительский советінің төрағасын қайта сайлау ұсыныс берді.

Попечительский советінің төрайымына – Индира Манапбаева ұсынылды. Попечительский советінің төрайымының орынбасары – О.Қасымбеков, кеңес мүшелері: Адасбекова Жазира, Әбіт Гул, Танкова Жансая, Байгозова Назгуль, Тумабаева Қаламқас, Ишпекбаева Асель, Әкежанова Эльмира, Абыханова Нұрыш тағайындалды. Попечительский советінің хатшысы – Кунаева Саманта тағайындалды.

       Үшінші мәселе, Попечительский советінің 2017-2018 оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарының  бекіту туралы – әлеуметтік педагог – Н.К. Абуова сөз алды. Қамқорлықтағы балаларды санаттары бойынша топтау, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау, зерттеу, оқушылардың сабаққа қатысуын және тәртібін бақылауға алуға көмектесу, оқушылардың әлеуметтік картасын жасақтауға көмектесу, жетім , жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, АКТ жасауға көмектесу.      

     Мектебіміздің директоры - Д.С. Жайсанбаева Попечительский советіне оқушылардың болашағы үшін, аянбай, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.      

     Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары – Р.Б. Сыздыкова Қамқорлық кеңесінің ролі қаншалықты маңызды, балаларды ұйым болып, қоғам болып тәрбиелеуге ұсыныстар берілді.  

 Қаулы қабылдады:

1 Попечительский совет қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері. бекітілсін.

2.Попечительский советінің төрайымы – И.Д.Манапбаева, кеңестің төрайымының орынбасары – О.Қасымбеков, хатшысы – С.Кунаева бұйрықпен бекітілсін.

3.Попечительский советтің 2017-2018 жылы атқаратын жұмыс жоспары бекітілсін,  оны атқаратын қызметтерді кеңестің құрамының мүшелеріне бөлістірілсін.

 

Төраға (төрайымы):                          И.Д. Манапбаева

Хатшы:                                                 С.Кунаева

Орындаушының қолы:                   ___________________