әдістемелік жұмысының І жарты жылдық есебі » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2018

әдістемелік жұмысының І жарты жылдық есебі

І.Жансүгіров атындағы № 37 орта мектебі
әдістемелік жұмысының І жарты жылдық
ЕСЕБІ

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Қазіргі заманда сындарлы оқыту теориясына сай бала білім алып қана қоймай, алған білімін әр қашанда керегіне жарата алатындай азамат етіп қалыптастыру, ұстаз қауымы алдындағы басты міндет болып отыр. Тек қана ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін.Сонымен қатар білім мазмұнынын жаңартуға арналған бағдарламаға сәйкес критериалды бағалау жүйесінің енгізілуіде заман талабы.Бұрын біз балаларға тек ғана білім беріп келсек.Енді функсионалдық сауаттылыққа баса мән береміз.Яғни оқушылар мектепте алған білімін өмірде қолдана алады. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.
І.Жансүгіров атындағы № 37 орта мектебінде І жарты жылдық бойынша нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады. Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.
Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп
директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1. Н.К.Исанова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2.Л.Б.Ахмадиева – қазақ тілі пәндері бірлестігінің жетекшісі.
3. Г.И.Тажиева- жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі;
4. К.Б Алиакпарова -бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі;
5. Назарова Г- ағылшын тілі пәні бірлестігінің жетекшісі;
6. Тойғұлова Ғ.А -Политехникалық пән бірлестігінің жетекшісі;
7. Джунусова А – орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі
Оқу жылының басында кеңестің жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз, қараша айларында 2 отырысы өтті. Төменгі мәселелер қарастырылды:
- 2017-2018 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
- педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;
- оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін мониторингілеу;
- пән апталығының қорытындысы;
- ӘБ жұмысы;
- педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
- интерактивті тақтамен жұмыс, компьютерлік сауаттылық;
- дарынды балалар жұмысының қорытындысы.
Әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп тұрды, бірақ сол отырыста ұстаздардың қолы жеткен табыстары мен жұмыстары талданбады. Онда 2017-2018 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынды.
1. Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Критериалды бағалау жүйесі туралы жұмыстардың ұйымдастырылуы. Қалыптастырушы,жиынтық бағалау рәсімдерін,үдерістерін үйлестіруін ұйымдастыру. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жинақтау,саралау.Тоқсандық жиынтық бағалау кестесін қарастырып бекіту. Бағалауға қатысты іс-тәжірибелерін тарату. Білім алушылардың ата-аналарымен байланыс орнатып отыру мәселелері қарастырылған.
«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет» Н.Ә. Назарбаев 7«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам¬гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?
1. Ықтимал себептері
 Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
Бағалау үшін;
Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
Тақырыпты қайта қарау үшін;
Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
Күрделендіру үшін;
Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
Түсінуге көмектесу үшін;
Бағамдау үшін.
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау
Ұзақ
мерзімді Орта
мерзімді Қысқа
мерзімді









2. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың білім, білік дағдыларын көрсететін жұмыстардың біріне пән апталықтарын өткізу жатады. Пән апталықтары кестесі мектепішілік әдістемелік кеңес отырысында құрылды және осы оқу жылында ауқымды іс-шараларды қамту мақсатында пән онкүндіктерін өткізу жоспары жылдың басында жасалынды. І жарты жылдықта «Политехникалық ПБ», «Ағылшын тілі ПБ», «Орыс тілі ПБ» пән онкүндіктері уақытында өтті.Пән апталықтарындағы ашық сабақтарда жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтар өткізілді.
«Политехникалық пәндер» бірлестігі пәндері математика,информатика 10.10 -20.10 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі
Қазан айының 10.10 -20.10 аралығында І. Жансүгіров атындағы
№37 мектебінде «Математика-информатика сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда АКТ тиімді қолдану» атты онкүндігі өтті.
Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар да өткізілді. Онкүндіктің жоспары алдын-ала мектепішілік жиында оқушылар мен ұстаздарға хабарланды. Онкүндіктің ашылуы 10.10 күні «Ойна, ойла, оқы!» сөзжұмбақтар, жұмбақтар мен ребустар, сөзжасам, сандар сөйлейді шешумен басталды. Қамтылған сыныптар 5-11 сыныптар. Оқушылар арасында әсіресе сөзжұмбақтар мен ребустарды шешуде 8-сынып оқушылар белсенділік танытты. Осы күні «Ойлан тап» атты тақырыпта 8-11 сыныптар арасында ең үздік қабырға газеттері сайысы өткізілді. Сайыста ең үздік қабырға газеті болып 8-сынып оқушыларының шығарған газеті таңылды.
Математика-информатика онкүндігінің аясында өткізілген «Математика ғажайыптары» көрмесі 11.10 күні ұйымдастырылып өткізілді. Бұл көрме оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы болды. Үзіліс кезінде оқушылар көрмеге қойылған заттарды көруге асығып келіп жатты. Көрмеге оқушылар жетістіктері қойылды. Көрмеде қамтылған сыныптар 1-11 сынып оқушылары.
10.10 күні 6а-сыныпта «Масштаб» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Пән мұғалімі жас маман Манап Мұсажан. Қоңырау соғылысымен мұғалім оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп сынып журналына жазып шықты. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға сабаққа дайындалып отыру керек екендігі ескертілді. Мұғалім сабақта интербелсенді тақтаны қолданып оқушылардан үй тапсырма «Кім жылдам?» лездемелік сұрақтармен бастады. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтары өте жақсы бір-бірімен жарыса жауап қайтарып отырды. Сонымен қатар оқушылар дискуссялық өрнекті шешті. Жаңа сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды топпен бөліп отырғызды. Бағалау түспен бағаланатынын ескертіп айтты. Қызыл түс-өте жақсы, көк түс-жақсы, жасыл түс-орташа деп бағаланды. Жаңа тақырыптың мақсат міндеті айқындалып оқушыларға түсіндірілді «Сен білесің бе?» ақпаратымен толықтырылды. Мұғалімнен оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды сұрап дәптерлеріне жазып алып отырды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында «БИНГО» ойыны ойнатылды. Бинго ойынында ойнатылған сұрақтарға әр топтан белсенділік танытып оқушылар жылдам жауаптарын дайындап өз қоржындарына түстерді жинады. Бұл ойында өткен тақырып бойынша біршама сұрақтар қамтылды. Онда жұмбақтар да, жасырылған сурет сұрақтар да болды. Бинго ойынында 2-топ жақсы қатысып белсенділік танытып отырды. Сұрақтардың шешімін табуда оқушылар тақтаны пайдаланып ортаға шығып көрсетті. Сонымен қатар оқушылар өздері жинаған түстер бойынша бағаланды. Сабақ соңында рефлексия жасалынды.
11.10 күні «Арифметикалық амалдар қасиеті» атты жас маман Мұхаметкәрім Ахметтің ашық сабағы өтті.
5-сынып оқушыларымен сабақ жақсы өтті, бірақ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келмеді. Сабақта өте көп есептер қолданылды.5-сынып оқушылары кейбір тақырыптарды өтпегендіктен сабақты тереңірек түсіру балаларға қиындық тудырды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақты түрлендіріп қызықты етіп, балалардың жас ерекшелігіне сай өткізу керектігін, сергіту сәті мен бейнебаяндар қолдануды ұсынды. Сонымен қатар апталық аясында 12.10 күні
5-сыныпта математика пәнінен «Озық ойлы оқушы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Мұхаметкәрім Ахмет. Оқушылар сәлемдесіп, тізім бойынша түгенделді, қатар бойынша 3 топқа бөлінді. Үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін әр қатарға есептер бөлініп берілді. Әр топқа топтың аты бойынша анықтама беру керектігі ескертілді. Әр топтың топ басшысы өз топтарын таныстырып өтті. Сәйкестендіру тесті, шығармашылық жұмыс яғни «Пирамида» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, формуласын құрастыру керек болды. Әр топ жұмылып белсенділік танытып тез арада берілген тапсырмаларды орындап шықты. Топ басшылары арқылы тексерілді.. Барлық оқушы қамтылды, сабақ қызықты әрі түсінікті өтті.13.10 күні 7 cыныпта информатика пәнінен «Информатика лидері» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Пән мұғалімдері: Жанбауова Ақжамал мен Қалиев Данияр. Сабақ ынтымақтастық атмосферасымен құрылды. Оқушылар топқа бөлініп отырғызылды. Бағалау парағы таратылды. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ой қозғау» ретінде әр топқа тест тапсырмалары таратылды. Оқушылар тест тапсырмасын орындап болысымен көршісімен бөлісу: бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, топ басшысы бағалап өтті. Әр топта бос отырған оқушы болмады барлығы жұмыла жаңа сабақта меңгерген ақпараттарды постерге түсіруге асықты. Белгіленген уақыт аяқталып әр топ тақтаға іліп түсіндірді.Топтық сайыс АКТ көмегімен өткізілді. Топтық сайыстың 1-кезеңі топты таныстыру. Әр топ яғни 4-топ өз топтарын таныстырып шықты. Келесі «Бізден - сұрақ, сізден - жауап» кезеңінде әр топқа жекелей сұрақтар қойылды, сұрақтарға командалар жауап қайтарып келесі «Ұяшықтар сыры»кезеңіне өтті. Ойын барысында топтар әр ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп олардың арасынан 1-топ өздерінің білімдерімен көзге түсті. Сайыс соңында женімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.
14.10 күні «Векторлар арасындағы бұрыш. Вектордың скаляр көбейтіндісі» атты ашық сабақты математика пәні мұғалімі Даумуратова Базаргул өтті. Сабаққа мұғалімдер қатысып өз бағаларын берді.16.10 күні жаңартылған сабақ түрін «Көпмүшелерге амалдар қолдану»атты тақырыпта Арғынбаева Эльмира ашық сабақ өтті.17.10 күні математика пәні мұғалімі Даумуратова Базаргул және Арғынбаева Эльмираның жетекшілігімен «» танымдық сайыс 10-11 -сыныптарында өткізілді. Бұл танымдық сайыстың мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейін мен логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
18.10 күні жаңартылған сабақ түрін «Квадрат түбір қасиеттері»атты тақырыпта Тойғұлова Ғалия ашық сабақ өтті.
Ал 19.10 күні онкүндік қорытындылау мақсатында 6-7- сыныптар арасында «Жас математик» атты кешті Тойғұлова Ғалия өтті. Кешке облыстық «Өрлеу» орталығынан арнайы ұстаз Л.Дүйсенбиева апай қонаққа шақырылды.
Сайысқа 6ә- сыныбының атынан «Білгірлер » тобы, 6в-сыныбынан «Тапқырлар» тобы қатысты, 7- сыныптан «Зеректер» тобы қатысты. Сайыс басталмас бұрын мұғалім:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтті.
І кезең «Таныстыру»
ІІ кезең «Зымыран сұрақтары»
ІІІ кезең «Бәйге»
IV кезең «Полиглот»
V кезең «Қызықты сегіздік»
VI кезең «Шешендік өнер»
VII кезең «Көкпар»
Әділқазы алқасы ұстаздар арасынан сайланып алынды.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол, еңбектену, жалықпау- демекші осы танымдық сайыстың таза жеңімпазы болып 82 ұпайды иеленген «Білгірлер» тобы жеңімпаз деп саналды. Ал қарсыласынан сәл бәсеңдеу қимылдаған «Тапқырлар» тобы 75 ұпаймен II-орынға ие болды.

20.10 күні онкүндіктің жабылуы, онкүндік аясында белсенділік танытып, өз білімдерімен көзге түскен оқушылар ынталандыру сыйлығы мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Математика, информатика пәндерінің онкүндігі мектеп оқушыларының зейіні мен білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлендіріліп өткізілді. Онкүндік кезінде мектептің жас мамандары тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Білімді де сапалы, саналы заман талабына сай жас жеткіншектерді білімді, алғыр, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеуде бұл пәндердің алатын орны зор.

«Орыс тілі және орыс әдебиет пәні бірлестігінде»
2017-2018оқу жылының басынан 8 мұғалім қызмет атқарады,олардың барлығы жоғары білімді. Қыркүйек айының 5-іне дейін бірлестік мүшелері күнтізбелік жоспарларын бекіттірді. Әдістемелік бірлестікте I санатты- 4 ,II санатты -1, жоғарғы-2 мұғалім,санаты жок-1 мұғалімдері жұмыс жасайды.
І.Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей білім беру»заңын басшылыққа ала отырып бірлестіктегі мұғалімдерге мөлтек аудандар бөлініп берілген.
ІІ.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында«Орыс тілі және орыс әдебиет пәні бірлестігінің»жыл басында әдістемелік жұмыс жоспары жасалып мұғалімдердің методикалық тақырыптары жаңартылды,бірлестік мүшелері жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарын айқындап ,педагог мамандардың жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді. «Орыс тілі және орыс әдебиет пәні» бірлестігінің жетекшісі Джунусова А.Б. жаңа оқу жылына арналған дайындық жұмыстарымен таныстырды. Атап айтқанда,жеке іс құжаттар күнтізбелік жоспар,күнделікті сабақ жоспарының жазылуына тоқталды. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің жүктемелеріне арнайы тоқталды.Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып бекітілді.2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Дарынды оқушылардың тізімі алынып, 20 жетоқсанда өтетін «Зерде»конференциясына «Рождение сова» тақырыбында Абилдаева З.К. 5 «Ә» сынып окушысы Сексенбай Нуркеннің ғылыми жұмысын ұсынатын болды.ІІІ.Әдістемелік жұмыстар.Әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспары жасалып,бекітілді.Шығармашылық жұмыстар туралы айтылды.
ІҮ.Педагогикалық кадрлармен жұмыс.
2017-201 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің өтініштері жасалып ,жұмыс жоспарлары талқыланды.Аттестаттаудың перспектикалық жоспары мен 2017-2018 оқу жылында өтетін мұғалімдердің кестесі жасалды.2017-2018 оқу жылында мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтетін мұғалімдер кестесі жасалынды.
Ү.Тәрбие жұмысына тоқталатын болсақ: бірлестікте сынып жетекшілері Даутова А.«Рухани жанғыру» ұлттық-патриоттық идеясын негізге ала отырып тәрбие жоспарларын жасады. «» арналған сыныптан тыс шаралар жоспары жасалынып бекітілді.
ҮІ.Мектепішілік бақылау жұмысын ұйымдастыру барысында желтоқсан айында орыс тілінің оқытылуы туралы бақылау жүргізіліп,диктант жұмыстары алынды.Қорытындысы шығарылып анықтама жазылды.Пәндердің тоқсандық қорытындысы мен тест жұмыстарының қорытындысы алынып,талдама жасалды. 21-28 желтоқсан аралығында жоспарланған мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізіліп,аудандық олимпиадаға жеңген оқушылар жіберілді.Атап айтқанда орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Озан Арайлым,қатысты.жүлделі орын алмады.
27.11.17-7.12.17 аралығына жоспарланған онкүндік өткізілді.
№Жұмыстардың мазмұныСыныбыМерзіміЖауапты мұғалімдер
1Жалпы мектептің линейкасында оқушыларды онкүндік жоспарымен таныстыру5-11
сыныптар27.11Бірлестік мүшелері
2«Кто это? Что это?»3г28.11Джунусова А.Б
3«Как на свете жить?» Части речи4 «б»28.11
2саб.Даутова А.
4«Младший принц» Работа по тексту8 «б»29.11Сабирова А.К.
5«Астана- столица Казахстана»2 «б»29.11Абилдаева З.К.
6«Наши домашние животные»1«а»30.11Абуова Н.
7«Слова общего рода»7 «в»30.11Алшынбаева Н.Т.
8«Мир домашних животных»0 «ә»4.12Нуриева А.М.
9 Круглый стол « Обновленное содержание образования- реальность времени.»Бірлестік мүшелері5.12Джунусова А.
10Литературный бал « И шум,и блеск ,и говор бала»5-11кл.7.12Бірлестік мүшелері
27.11-7.12. желтоқсан аралығында өткен онкүндікке сараптама.Бұл онкүндікте ұстаздар сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрды. Ол –пәнді оқыту және сыныптан тыс жұмыстар
Пәндік оқытуда алдыңғы қатарлы ұстаздар: Сабирова А.,Абилдаева З., Джунусова А., көбінесе алға қойған мақсаттарының дұрыстығын,оқушылардың қорытуы және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Әр ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін,пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру, оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті.Сабақтар өте тартымды, жүйелі.Даутова А., Абуова Н.,тәжірибелерін жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс — тәсілдерді, оқытудың жаңа техналогияларын енгізіп, жаңа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дүниетанымының және идеялық- саяси бағдарламаның қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. 2-інші пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар іс- шараларын қызықты өткізілді. Мақсаты:оқушыларға ойлау логикаларын, ауызша сөйлеу қабілеттерін, арттыру. Сабақ беру барысында мұғалімдердің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеттері үлкен рөл атқарды. Бұл апталықта өз бақтарын сынап осы мектепке жұмысқа жаңадан келген мамандар жүйелі ашық сабақтар жүргізді. Ол: Даутова А., Абуова Н., маманның сабақ беру барысында педагогикалық ұстамы,байқаушылық және оқушылардың ұжымдық ойлау қабілеттерін арттыруда, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысты жақсы жаңалықтар көрсете білді. Қуанарлық жағдай барлық ұстаздар әр сабақтарын жаңа ақпараттық техналогияларды кеңінен қолдана білді. Сонымен қатар ұстаздарға кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдылық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажеттігін:жұмыста ұқыпты болу,нақтылық, жылдамдықты қажет ететіндігін ұмытпау айтылды
27 караша күні сағат 10.25-те мектептің лездемесінде Орыс тілі және орыс әдебиет пәні» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында бірінші бірлестік жетекшісі Джунусова А.Б.шығып сөйледі. Ол «Президент күні» тұспа-тұс келген онкүндігінің ашылу салтанатымен құттықтап, жоспарымен таныстырып, барлығын осы онкүндікке бірдей ат салысуға шақырды.
28 қараша күні «Кто это? Что это?»тақырыбында Джунусова А.Б.3 г сыныбына ашық сабақ өткізді.Сабаққа 10 мұғалім қатысты.Оқушылар топқа бөліінп,топпен жұмыс жұргізілді.Сабақ 7 бөлімнен тұрды.Оқушылар тақырып бойынша өз білімдерін ортаға салды. Бағалаудың «дейін-кейін», «бағдаршам», «бас бармақ» түрлері қолданылды.Жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді .Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды.Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
28 қараша күні 4 «б» сыныбымен «Как на свете жить?»Части речи. тақырыбында Даутова А.А. ашық сабағы өтті.Сабаққа 5 мұғалім қатысты.Сабақ үй тапсырмасын сұраудан басталды..Мұғалімнің сабақтың мақсатына қарай жылжуы жүйелі.Слайдпен жұмыс көрсетілді.Ұсыныс ретінде оқушыларға дәптермен жұмыстар жүргізілсін деген ұсыныстар айтылды.Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
29 қараша күні 8 сыныпта қатысуымен «Младший принц» Работа с текстом-атты сабақты Сабирова Алданыш өтті.Сабаққа 10 мұғалім қатысты.Сабақ 7-8 бөлімнен тұрды.Оқушылар орыс тілі бойынша өз білімдерін ортаға салды. .Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды.Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды. Жас мамандар тәжірибе алмассын деген ұсыныс айтылды.29 қараша күні 2 Б сыныбында Абилдаева Закираның «Астана- столица Казахстана»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабаққа 6 мұғалім қатысты.Сабақ оқушыларды үш топқа бөліп жүргізілді, тақырыпқа арналған слайд,көрнекі-дидактикалық құралдар қолданылды..Іскерлік қатынастың қыр-сырын саралаған оқушылар,ыстық орындық әдісімен білімдерін саралады.Ашық сабақ жақсы деп бағаланды.30 қараша күні 1 «а» сыныбында «Наши домашниие животные» тақырыбында Абуова Набираның ашық сабағы өтті.Сабаққа 5 мұғалім қатысты.Оқушылар санау арқылы топқа бөлінді.Өткенді қайталау стратегиясы арқылы жүргізілді.Түсіну кезеңінде «Ойлан-жұптас-бөліс»стратегиясы арқылы топтық жұмыс жүргізілді.Қолдану кезеңінде «көзбен кірпік қаққанша стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап берілді.Жинақтау кезеңінде оқушыларға ой толғау берілді,дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасалды.Бағалаудың «дейін-кейін», «бағдаршам», «бас бармақ» түрлері қолданылды.Жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді.Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды.Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды. Жас мамандар тәжірибе алмассын деген ұсыныс айтылды.30 қараша күні 7 «В» сыныбында «Слова общего рода» тақырыбында Алшынбаева Нагиманың ашық сабағы өтті.Сабақта тірек-сызба ,тақырыпқа арналған слайд,көрнекі-дидактикалық құралдар қолданылды. Жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді Барлық оқушылар сабаққа толық қамтылды .Сабақ барысындағы кемшіліктер бойынша ескертулер айтылды.Сабақ «жақсы»деп бағаланды.4 желтоқсан күні «Мир домашних животных»»атты 0 «Ә» сыныпта Нуриева Айнаштың ашық сабағы өтті. Сабақ сұрақ-жауап,әңгіме-дәріс,тірек-сызбамен,топтастыру сияқты әдіс-тәсілдермен өткізілді..Сабақ мақсатына жетті. дәптермен,кітаппен жұмыс болды. Сабақ жаксы өтті деп бағаланды.
5желтоқсан күні Бірлестік жетекшісі Джунусова А.Б « Обновленное содержание образования- реальность времени» атты дөнгелек үстөл өткізді. Бірлестік мүшелері тақырыпка сай өз ойларын ортаға салып,жаңа бағдарламаны талқылады.
Қорыта келе ұсыныстар мен тұжырымдамалар қабылданды.
-озат педагогикалық тәжірибелі ұстаздардың сабақтағы ең тиімді әдістерін пайдалану.
- жас мамандардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
-өз бетімен білімін көтеру жұмысының нәтижелілігін арттыру.
-сабақтастық жұмыстарын ұйымдастыру
Жоспарланған әдістемелік бірлестіктің отырыстары уақытында өтті.Атап айтқанда қыркүйек айында өткен отырыста төмендегідей мәселелер қаралды:
1) 2017-2018 жылындағы ӘБ жұмысына жұмысына талдау.
2) 2017-2018 оқу жылының ӘБ жұмыс жоспарын қарастыру.
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы білім берудегі басты қағида.баяндама.
3) Пән бойынша 2017-2018 оқу жылына арналған күнтізбелік, факультатив, үйірме, қолданбалы курс жоспарларын қарау.
4) ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы мен жоспарымен таныстыру.
5) Жаңа нормативтік құжаттармен танысу, талқылау (Білім стандарты, жаңартылған білім бағдарламасы).
6) Дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлау (олимпиадаға, ғылыми жұмысқа дайындық).
7) «Тілдер мерекесі» аясында өтетін шараларды бекіту.
Қараша айындағы ӘБ отырысында:
1) «Обновленное содержание образования –реальность времени» доклад талдау
2) І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасау.
3) ҰБТ нәтижелерін талқылау (мониторинг).
4) Мектепішілік олимпиада қорытындысын жасау. Аудандық пән олимпиадасына дайындық жұмысын талқылау.
5) Онкүндіктің жоспарын жасау, талқылау.
6) Дәптер тексерудің сапасын бақылау (5-9 сынып).
Сонымен бірге тоқсандық білім сапалары анықталып,мониторингі жасалды.
Бірлестік мүшелері әдістемелік бірлестік отырыстарына үнемі қатысып, көкейкесті мәселелерді, оқыту тәсілдерін алға тартып, өз ойларын жеткізіп отырады.
Онкүндік барысында мұғалімдер пәндері бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, түрлі сайыстар мен жарыстарды ұйымдастырды.
2.1. Политехникалық ПБ-нің пәндері сабағында жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту әдістерін тиімді қолдану үлгілерінен ашық сабақтар өткізді. Онкүндік аясында математика пәнінің мұғалімі Тойғұлова Ғалия қорытынды кешке облыстық «Өрлеу» орталығынан арнайы ұстаз Л.Дүйсенбиева апайды қонаққа шақырып,критериалды бағалау туралы семинар өткізді
2.2.Орыс тілі мұғалімдері Джунусова А.Б С, Сабирова А.К, Алшынбаева Н онкүндік барысында мектепішілік оқушылардың қабырға газеттерінен конкурс ұйымдастырды. Мұғалімдердің ашық сабақтары әдістемелік талаптарға сай, оқушылардың орыс тілін меңгеру дәрежесін көрсететіндей деңгейде өткізілді. Сабақтарында мұғалімдер АКТ-ны орыс тілін үйретуде тиімді қолдана алатындарын көрсете білді. Қорытынды кешті бірлестік жетекшісі Джунусова кең көлемде өткізді
2.3. Ал, ағылшын әдістеме бірлестігі «Оқушылардың жаңа технологиялар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбындағы ашық онкүндігін өткізді. Онкүндік өте жоғары дәрежеде өткенін мұғалімдердің пікірінен және аптаның он күніне жоспарланған іс-шараға әр күн сайын мұғалімдердің үзбей келуінен байқадық. Мұғалімдердің білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдануға деген ынтасының артқанын «шеберлік-сынып», дәсүрлі емес сабақтары, әр мұғалімнің Кембридж оқыту бағдарламасы курсының 7 модуль элементтерін кіріктіре өткізген жаңаша сабақтары арқылы ұстаздық шеберліктерін паш етсе, ата-аналармен өткізілген «Бала тәрбиесі отбасынан» атты ашық ата-аналар жиналысының ерекше формасы ата-аналарға да, оқушыларға да тәрбиелік мәні зор болды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Назарованың ұйымдастыруындағы ағылшын тілі мұғалімдері Назарова, Тургенбаева ,Ердахметова,Нұрбаева,Жарылғапова ашық онкүндікті жоғары деңгейде өткізді деген баға берілді.
Қорытынды ретінде әр пән онкүндіктері өткізілген материалдары бойынша жинақ дайындады.
3. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін түрлі деңгейдегі біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. Мектепте ІІІ деңгей бағдарламасын аяқтаған 4 мұғалімдер бағдарлама бойынша сабақтар жүргізсе, І деңгейден өткен 1 мұғалім мектептің педагогикалық қызметкерлерімен коучингтер жүргізіп, тәлімгерлік етуде. Тамыз айынан бастап Қазақстан Республикссының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында І (ілгері) деңгейден 1 мұғалім, ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасын 2 мұғалім аяқтады. Институт жанындағы біліктілік арттыру курстарынан математика, химия, ағылшын тілі,биология,информатика ,денешынықтыру пәндері мұғалімдері, өз білімдерін жетілдірді.
Критериалды бағалау жүйесі бойынша-өз білімін жетілдіріп келген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті.Критериалды бағалау-бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын,айқын анықталған,ұжыммен шығарылған білім просесінің барлық қатысушыларына алдын ала оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген просес.Бастапқы кезеңде қиындықтарға тап болғанмен ,кейін оқыту жоспарының жүргізілуіне сәйкес түсіне бастадық.




Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстар әр бірлестікте қолға алынып жүргізіліп отыр.Әр бірлестікте зерттеу топтары құрылған.Олар жылдық жоспарларына сәйкес мұғалімнің іс әрекетін зерттеп,бағалап және бақылап,көмек көрсетіп отырады.Орыс тілі пәні мұғалімі Даутова А.А сабақ үстінде.Зерттеу тобы сабаққа қатысуда.

Өз білімін көтеру мақсатында кез келген мұғалім әр түрлі семинар коучингтерге қатысып тұрады.Атап айтқанда әдістемелік бірлестіктерде жаңартылған білім мазмұны мен сындарлы оқыту бойынша коучингтер мен семинарлар өткізілді.



4. Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей:
- оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту;
- оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру;
- пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару;
- сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру.
Дарынды оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыру мақсатында жекеленген жоспарлар жасалып, бекітілді. Жоспарға сай әр ай сайын дарынды оқушылар мен пән мұғалімдері жұмыс жүргізді.
Дарынды және талантты оқушыларды дамытуда оқушылардың зияткерлік қырларын жетілдіру үшін олимпиадалар, конкурстар, ғылыми жобаларға тарту қолға алынуда.
4.1. І жарты жылдықта облыстық 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына мектебімізден 6 оқушы, МАН 8-11 сыныптары арасындағы ғылыми жобалар байқауына 14 оқушы қатысып 2 оқушы ІІ орынды иеленді.Олар Қалиаскер Нұрболат жетекшісі тарих пәні мұғалімі Бекирзаков А,Муталипова Ұлдана жетекшісі биология пәні мұғалімі Сыздықова Р ,«Дарын» 8-11 сыныптары арасындағы ғылыми жобалар байқауына аудандық кезеңге 6 оқушы қатысып, 1-оқушы жұмысы облысқа жіберілді. Ол:
10 «б» сынып оқушысы Қуатжан Айгерім «Оралхан Бөкейхановтың шығармалары» тақырыбында жетекшісі Ахмадиева Л;
Зердеге қатысқа