"Мамандық таңдау өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау" атты тақырыпта тренинг сабақ » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мамандық таңдау өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау" атты тақырыпта тренинг сабақ
16
февраль
2022

"Мамандық таңдау өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау" атты тақырыпта тренинг сабақ









         "Жасөспірімдерге кәсіптік бағыт бағдар беру" бойынша мектеп психологтары 9-11 сынып оқушыларына "Мамандық таңдау өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау" атты тақырыпта тренинг сабақ өткізді.Сабақта оқушылар мамандық таңдау адам өмірі үшін маңызы зор екенін, мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігін талқыға салды.Әр оқушы өзінің қандай мамандық иесі болғысы келетінін айтып, өз ойларымен бөлісті.
       Мамандық таңдау деген өзіңнің айналысқың келетін жұсысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:
1 фактор - "Мен қалаймын" - бала қандай мамандықты қалайтынын анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.
2 фактор - "Қолымнан келеді" - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін және қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.
3 фактор - "Қажет" - бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қаншалықты қажет екенін анықтау керек.