“Әкелер мектебі” жобасы аясында “Әке беделі - ұлт абыройы” атты 100 әкенің қатысуымен әкелер форумы өтті » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Әкелер мектебі” жобасы аясында “Әке беделі - ұлт абыройы” атты 100 әкенің қатысуымен әкелер форумы өтті
27
апрель
2024

“Әкелер мектебі” жобасы аясында “Әке беделі - ұлт абыройы” атты 100 әкенің қатысуымен әкелер форумы өтті


                   Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы “ І.Жансүгіров атындағы #37 жалпы білім беретін орта мектебінде “Әкелер мектебі” жобасы аясында қоғамда әкелердің беделін көтеру және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында “Әке беделі - ұлт абыройы” атты 100 әкенің қатысуымен әкелер форумы өтті.Аталған шараға әкелер  өз қолдарынан жасаған қолөнерлерін әкеліп , көрме ұйымдастырып, ұлттық спорт және ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.Сонымен қатар форумда “Асық терапиясының” да тұсаукесері өтті.”Мектеп-оқушы-ата-ана”үштік одағының “алтын көпірі” болып жүрген 100 -ге жуық сынып жетекшілердің “Қасық” биі -форуым қонақтарының көңілінен шығып,қошеметіне  ие болды.Көркем еңбек пәнінің мұғалімдерінің жетекшілігімен “Шеберлік сағаты “өтті. Шеберлік сағатында үлкен асық макетін 5 мыңға жуық кішкентай асықтардан жасап,  6 метрлік қамшы өрілді.Сонымен қатар,форумға құрметті қонақтар да келіп,ізгі тілек-лебіздерін білдіріп,өнерлерін де көрсетті.Форум соңында мектеп директоры Д.Т.Аманжолов форумға қатысқан әкелер мен қонақтарға ризашылығын білдіріп,алғыс хатпен марапаттады. Ұлттық ,отбасылық құндылықтарға толы өткен іс -шара-халықтың көңілінен шығып,ризашылығына бөленді.Отбасының тірегі болып жүрген әкелердің беделі әрқашан биік болсын!