Іс-шаралар » Страница 2 » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен және Интернет" тақырыбында тренинг сабақ өтті.
21
январь
2022
"Мен және Интернет" тақырыбында тренинг сабақ өтті.
           7 сынып оқушыларымен мектеп психологі: Муталиева Г. "Мен және Интернет" тақырыбында тренинг сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларға жалпы әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы жайында түсінік беру.
"Қыз өссе елдің көркі" атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті.
30
декабрь
2021
"Қыз өссе елдің көркі" атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті.
            Мектебімізде қыздар арасында "Қыз өссе елдің көркі" атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, сенім телефоны және сенім жәшігі жайлы айтылды.  Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықова Р.Б. "Қызғалдақ" ұйымының төрайымы Б.Даумуратова, мектеп психологтары: Б.Жусанбаева. Г. Муталиева.
"Еңбек және экологиялығы" айлығы өтуде.
25
ноябрь
2021
"Еңбек және экологиялығы" айлығы өтуде.
                                   Мектебімізде "Еңбек және экологиялығы" айлығы өтуде. Мақсаты:  Оқушылардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру,  қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауға, күтуге және жақсартуға тәрбиелеу. Осы айлық аясында  5 "А" сынып оқушылары "Ауыл экологиясы жасөспірімдер көзімен" атты  акциясы өтті.                                                                          Сынып жетекшісі: Омиржанова Э.М.
"Кәусар" бірлестігінде    «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты пән апталығы болып өтті.
22
ноябрь
2021
"Кәусар" бірлестігінде «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ»
           2021 жылдың 22-30 қараша аралығында бастауыш сыныптың "Кәусар" бірлестігінде    «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты пән апталығы болып өтті. Апталық барысында пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында үлгілі сабақтар топтамасын көрсетіп, шебер - сыныптар ұйымдастырылды. Оқушылардың  білім, білік, дағыдыларын, қабілеттерін анықтау мақсатында  зияткерлік сайыстар өткізілді. Апталық соңы мерекелік концертпен жалғасып, апталыққа белсене қатысқан сыныптар
"Жақсы көңіл-күй жан азығы" тақырыбында тренинг- сабақ жүргізді.
21
октябрь
2021
"Жақсы көңіл-күй жан азығы" тақырыбында тренинг- сабақ жүргізді.
       9-10 сынып оқушыларымен Мектеп психологі: Гүлбану Бакытжанқызы  "Жақсы көңіл-күй жан азығы" тақырыбында тренинг- сабақ жүргізді. Тренинг мақсаты: шыдамсыз, импульсивті балаларды өзін-өзі ұстауға үйрету. Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса,баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Тренинг барысында қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға ойындар мен жаттығулар орындалды.
Алтын күз мерекесі
20
октябрь
2021
Алтын күз мерекесі
                                                   Қарсы алайык бәріміз                                                    Жасымызбен кәріміз                                                    Қырдан кепті қыдырып                                                    Алтын күз бізге нұр беріп                  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру мақсатында 4 "ә" сынып оқушылары "Алтын күз" мерекесін өткізді.      
15-қазан Кітәпханашылар күні
15
октябрь
2021
15-қазан Кітәпханашылар күні
          Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп
1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесі
01
октябрь
2021
1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесі
          Қарттарын қадірлеген ел ардақты. 1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде тәрбие сағаттары өтуде. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу басты мақсатымыз.                                                                        5 "Е" сынып жетекшісі  Сеитова Е.
1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесі
01
октябрь
2021
1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесі
           Қарттарын қадірлеген ел ардақты. 1-ші  қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде тәрбие сағаттары өтуде. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу басты мақсатымыз.                                                                              2 "Ә" сынып жетекшісі Сыдық Ф.
Ұстаздар күні мерекесі құтты болсын!
30
сентябрь
2021
Ұстаздар күні мерекесі құтты болсын!
        Құрметті ұстаздар!  «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.       Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!