Қамқоршылық кеңесінің 1 хаттамасы » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2018

Қамқоршылық кеңесінің 1 хаттамасы

І. Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы  бар жалпы білім беретін № 37 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

                                                                                                               

ХАТТАМА № 1

Жаңалық ауылы                                                               «08» қаңтар  2018 ж.                                                                                                              

 

Қамқоршылық кеңесінің  жиналысы

Төрағасының аты-жөні: Манапбаева Индира Даркенбаевна

Хатшының аты-жөні:   Кунаева Саманта

Қатысқандар:_23_адам саны

 

Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері. – әлеуметтік педагог – Н.К. Абуова

2.Қамқоршылық кеңесінің төраға (төрайымын) қайта сайлау

3.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, оны атқаратын қызметтерді кеңестің құрамының мүшелеріне бөлістіру – кеңес төрағасы немесе төрайымы

 

Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог – Н.К. Абуоваға сөз берілді. І. Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі жалпы білім беретін №37 орта мектебінің қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі аталып өтті. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады.      

       Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді , оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.  

       Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары н Қамқоршылық кеңес сайлайды.

       Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

       Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: 1.Білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету.

2. Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау.

3. Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады.                                          

      Екінші мәселе «Қамқоршылық кеңесінің төраға (төрайымын) қайта сайлау» бойынша сөзді кенестің төрағасы  Қасымбеков Оралғазы мырзаға берілді.  Мамыр айында, жалпы ата-аналар жиналысында Қасымбеков Оралғазы мырза Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып тағайындалған болатын. Қамқоршылық кеңесінің төрағасын қайта сайлау ұсыныс берді.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымына – Индира Манапбаева ұсынылды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымының орынбасары – О.Қасымбеков, кеңес мүшелері: Адасбекова Жазира, Әбіт Гул, Танкова Жансая, Байгозова Назгуль, Тумабаева Қаламқас, Ишпекбаева Асель, Әкежанова Эльмира, Абыханова Нұрыш тағайындалды. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы – Кунаева Саманта тағайындалды.

       Үшінші мәселе, Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарының  бекіту туралы – әлеуметтік педагог – Н.К. Абуова сөз алды. Қамқорлықтағы балаларды санаттары бойынша топтау, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау, зерттеу, оқушылардың сабаққа қатысуын және тәртібін бақылауға алуға көмектесу, оқушылардың әлеуметтік картасын жасақтауға көмектесу, жетім , жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, АКТ жасауға көмектесу.      

     Мектебіміздің директоры - Д.С. Жайсанбаева Қамқоршылық кеңесіне оқушылардың болашағы үшін, аянбай, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.      

     Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары – Р.Б. Сыздыкова Қамқорлық кеңесінің ролі қаншалықты маңызды, балаларды ұйым болып, қоғам болып тәрбиелеуге ұсыныстар берілді.  

 Қаулы қабылдады:

1 Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері. бекітілсін.

2.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – И.Д.Манапбаева, кеңестің төрайымының орынбасары – О.Қасымбеков, хатшысы – С.Кунаева бұйрықпен бекітілсін.

3.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 жылы атқаратын жұмыс жоспары бекітілсін,  оны атқаратын қызметтерді кеңестің құрамының мүшелеріне бөлістірілсін.

 

Төраға (төрайымы):                          И.Д. Манапбаева

Хатшы:                                                 С.Кунаева

Орындаушының қолы:                   ___________________