Қамқоршылық кеңесінің 2 хаттамасы » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2018

Қамқоршылық кеңесінің 2 хаттамасы

І. Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы  бар жалпы білім беретін № 37 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

                                                                                                               

ХАТТАМА № 2

Жаңалық ауылы                                                              «17» қаңтар 2018 ж.                                                                                                              

 

Қамқоршылық  кеңесінің жиналысы

Төрағасының аты-жөні: Манапбаева Индира Даркенбаевна

Хатшының аты-жөні:   Кунаева Саманта

Қатысқандар:______адам саны

 

 

Күн тәртібінде:

1. «Қамқорлық» дәстүрлі қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жұмыстары – әлеуметтік педагог – Н.К. Абуова

2.Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, толық емес, жетім және жартылай жетім, көпбалалы отбасындағы оқушыларды анықтап, әлекметтік қолдау көрсетіп көмек беру – «Қамқоршылық» кеңес төрайымы – И.Д.Манапбаева

3. Көмек қажет ететін оқушылардың ата-аналарының өтініштерін тіркеу және демеуші болып  танытқан азаматтардың көмегін тіркеу жұмыстарын атқару.

 

Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог – Н.К. Абуоваға сөз берілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18-3/55 хатына сәйкес, Алматы облысы білім басқармасының 2018 жылдың 15 қаңтар айындағы №29-Н бұйрығын негізге ала отырып «Қамқорлық» дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізу туралы айтылды. Акцияның мақсаты: жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, материалдық жағдайы төмен отбасыларында тұратын балалардың өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар ұйымдастыру, оқушылардың бойындағы мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, білім алуына жағдай жасау болып табылады. Акция қаңтар айының 15 нен ақпан айының 15 не дейін өтеді. «Қамқорлық» акцияны өткізу іс-шаралар жоспарын бекітіп, 1-11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары және ата-аналарды қатысуға мүмкін екендігін ата-аналар жиналысында барлық сыныптарға хабардар етуін сұрады. Қайырымдлылық акция аясында мектепте қол бұйымдардың және тәтті тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаржыны қайырымдылық қорға өз еркімен берілуі айтылды.

      Екінші мәселе бойынша,  сөзді кенестің төрайымы И.Д. Манапбаеваға берілді.

«Қамқорлық» акция аясында қайрымдылық концерт ұйымдастыру жайында және концертке қайырымдылық жәшігін бекітіп, сол жәшікке түскен қаржыға жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасындағы, көпбалалы, мүгедек оқушыларға, кеңсе тауарлары және киім-кешекпен қамтамасыз етуге болатынын айтты. Қаржыны есептеу және дұрыс жұмсалуын қадағалау комиссияның ата-аналар құрамынан  кұру керек екендігін ескертті.

Комиссия құрамына, кеңес мүшелері және ата-аналар комитетіндегі азаматшалар тағайындалуын  ұсынылды. Тағайындалған комиссия көмекке мұқтаж оқушыларды анықтап, қандай көмек қажет ететінін жазып, тізімін жасау жұмыстары берілді.

        Үшінші мәселе, ата-аналардың өтініштерін қарастырып, анықталған, көмек қажет ететін оқушылардың тізіміне сүйене отырып, ата-анасының өтініштерін қабылдау жұмыстарын орындауын және қадағалау өзіме, кеңес хатшысы – С.Б. Кунаеваға қалдырылды.

 Қаулы қабылдады:

 

1. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрығын бекітілсін, жоспар бойынша шаралар қолданылсын.

2. Акция барысында қайырымдылық жәшігі бекітіліп орнатылсын, және жәшікке түскен қаржыны есептеу, дұрыс жұмсалуын қадағалау кеңес мүшелері Әбіт Гүл, Абыханова Нұрыш, Тумабаева Қаламқас бұйрықпен бекітілсін.

3.. Ата-аналардың өтініштерін қарастырып, қабылдау жұмыстарын орындау және қадағалау, кеңес хатшысы – С.Б. Кунаеваға, яғни өзіме қалдырылды.

 

 

Төраға (төрайымы):                                                                И.Д. Манапбаева

Хатшы:                                                                                       С.Б.Кунаева

Орындаушының қолы:                   _____________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________