Мектепте тамақтануды ұйымдастыру » "Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі"
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"І.Жансугіров атындағы №37 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-77-75
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-77-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2021

Мектепте тамақтануды ұйымдастыру

2020-2021 оқу жылында І.Жансүгіров атындығы мектеп жасына дейінгі шаған орталығы бар №37 орта мектебінде оқушылардың тегін тамақпен қамтылуы[/center]
Оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты мектеп оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету 2021 жылдың ақпан айынан ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының 30 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №812 Қаулысын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мен мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау сондай –ақ Талғар аудандық білім бөлімінің 2021 жылдың 1-ақпанындағы №15-Н «а» «Аудан мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру» туралы, «Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «І.Жансүгіров атындығы мектеп жасына дейінгі шаған орталығы бар № 37 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі» 2021 жылғы 01-ақпанындағы № –60 бұйрығын негізге ала отырып, 2020-2021 оқу жылының ақпан айында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары мектеп буфетінде тегін тамақ ішеді.
Оқушылардың құжаттары жинақталып, өтініштерін аудандық білім бөлімінің басшысы бекітті. Мектеп буфетінде берілетін тамақтың сапасын, мөлшерін, оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында мектепішілік әкімшілік мүшелерінен, сынып жетекшілерден, ата-аналардан комиссия құрылып бұйрық шығарылды.
Арнайы аудандық СЭС бекіткен 2 апталық ас мәзірі бойынша тамақ дайындалып, күнделікті оқушылар кесте бойынша барып ішті. 9 –сыныптан -6 бала, 11 сынып 1 бала жалпы 7 бала тамақпен қамтамасыз етілді.
Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тамақ құрамының нормасы өлшеніп, бекітіліп отырады.
Ақпан айында арнайы бекітілген комиссия мүшелер асхана тазалығы, тамақтың дайындалу сапасы, сатылымдағы тағамдардың дайындалу сапасы, оқушылардың уақытылы келіп тамақтануы т.б. бақылау жасап акт толтырды.